Тұрғындардың басым көпшілігі партияға келіп өтініш білдіреді

Расында, партия аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне күнделікті әртүрлі мәселемен тұрғындар қайырылады.
Себебі, белгіленген уақыт шектеуі жоқ. Жұмыс уақытында қоғамдық қабылдау бөлмесінің есігі тұрғындар үшін күнделікті ашық.
Мүмкіндігінше құқықтық кеңес беруге, тиісті сала мамандарынан бағыт-бағдар алып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіледі. Күнделікті әртүрлі тұрмыстық мәселелер бойынша сауалдарға қолдау көрсетуге әркез баса назар аударамыз.
Мәселең, бүгін Аса ауылының тұрғындары М.Әуезова және М.Құлманбетова оқушыларға “Мектепке жол” акциясы аясында қолдау көрсетуді сұраса, Түрксіб ауылының тұрғыны Б.Нукерова атаулы әлеуметтік көмек алу мәселесін сұрады. Ал, Қаркемер ауылының тұрғыны Г.Ержігітова қысқа мерзімдік оқу курсы бойынша кеңес сұрады.
Қабылдауға келген әрбір азаматтың сауалдарын қанағаттандыру, қолдау көрсету бағытында түсіндіріп, тиісті кеңестер беріліп, әлеуметтік мәселелері ескеріліп, назарға алынды.

Мадияр Самбетов