Қолтаңба беруші – қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров

Жеті қат зеңгір көкті бағындырған, оған дейін де талай-талай асау ұшақты бас білдірген алып ер Тоқаның өзінің де ұлт шежіресінде қастерлі қолтаңбасы қалды.
Қолтаңба алушы – жас журналист Фируза Жақсылықова. «Өркен» газетінде қызмет істеді.
Ол өте әдепті, инабатты, мәдениетті қыз еді. Оның ұғымында жаман адам деген болған емес. Қаймана қазақтың бәрін жақсы көрді. Өрімдей жас кезінде өмірден өтті…
Фирузаның Тоқтар ағасынан алған осы қолтаңбасы сақталды ма, жоқ па, оны білмейміз, бірақ жастар баспасөзінде сол бір сүйкімді бойжеткеннің айшықты қолтаңбасы қалғаны айдан анық… Суретті түсірген белгілі фотограф Шүкір Шахай.

Кун Ай парақшасынан алынды