Түркістан мен Жамбыл облыстарында сел жүруі мүмкін

Қазгидромет синоптиктері күн райының жылынуына байланысты ескерту жасады.
Оған сәйкес, 2023 жылдың 6-8 қаңтар аралығында Түркістан және Жамбыл облыстарында қар аралас жаңбыр жауады.
Осыған байланысты осы аймақтардың таулы аудандарында беткейден еріген қар суы ағады және өзендерде су деңгейі көтеріледі деп болжанып отыр.