Сырдария ауданының халқымен кездесу

Бүгінгі Сырдария ауданының халқымен кездесу – алқабы алтын дәнге, өрісі төрт түлік малға толы ауызбіршілігі ұйысқан, салт — дәстүрге биік мекен — Қоғалыкөл ауылында жалғасты. Осы киелі топырақтан талай елге танымал Алты Алашқа аты танылған тарихи тұлғалар өсіп-өнген. Тарихтың тереңінен сыр шерткен Қоғалыкөл жері өзінің «Қыш қаласымен», «Ұлы жібек жолы керуені» сүрлеу салған ұлы жолымен таныс.
Ауыл халқымен кездесуде жұмыспен қамтамасыз ету, жастарға патриоттық тәлім тәрбие беру, қарттарға қамқорлық, жанұяға байланысты әлеуметтік бағыттағы талайдан бері көкіректе жүрген мәселелерді көтеріп, оның шешу жолдарын қарастырдық. Бір қуантары – халқымның осы мәлелелерді шешуге деген шын ниеті мен құлшынысының күннен күнге артуы. Сондықтан менің әр мінберде сөйлеген сөздерімнің негізгі бағыты мен мақсаты – ауылды өркендету, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейінің жан-жақты артуы.
Ауылдың әлеуметтік – экономикалық мәселелерін шешу «Ауыл» партиясының басты мақсаттарының бірі болғандықтан, алда ауылға деген үлкен бастамалар болатынына сеніммен айта аламын.

Жигули Дайрабаев