Сұлу Көкше төрінде жаңа мектеп ашылды

«Білім күні» қарсаңында Ақмола облысы Бурабай ауданының орталығы Щучинск қаласында «Білім-инновация IT лицей-интернаты» ашылды. Осыдан екі жыл бұрын салынып бітіп, жұмыс істеп жатқан жаңа мектеп, биыл облыс әкімінің қаулысымен «Білім-Инновация халықаралық қоғамдық қорына» өткізілген екен.

 

Лицей директоры Айбек Досымбеков қонақтарға жаңа оқу орны туралы әңгімелеп берді.
Лицей директоры Айбек Досымбеков қонақтарға жаңа оқу орны туралы әңгімелеп берді.

 

Сонан бері ХҚҚ-дың жауаптылары мен аталмыш лицейдің Ақмола өңірінен шыққан түлектерінің күш салуымен, қысқа мерзім ішінде қажетті жабдықтармен толығып, еліміз бойынша алғашқы IT мектеп ретінде өз жұмысын бастады. Қазір мұнда 7-сыныптан бастап IT саласына бағыттай отырып оқыту жоспары басталды.

 

Қолдан құрастырылған робот жұмыс істеп жатыр
Қолдан құрастырылған робот жұмыс істеп жатыр

 

Жаңа мектептің ашылу салтына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Ермекқызы Мысырәлімова, «Білім-Инновация» ХҚҚ басшылары, «Qazaqstan dauiri» халықаралық, қоғамдық-саяси газеті ЖШС-ның бас директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы, қоғам белсенділері және ата-аналар қатысты.

 

Доп тебетін роботтар

 

«Білім-инновация IT лицей-интернатында» бұрыннан білім алып жатқан 500 ге тарта оқушы болған. Жаңа оқу жылында бұларға қоса 7-сыныпқа Республиканың әр түкпірінен қабылданған дарынды балалар келіп қосылып жатыр.

 

Дронды басқаратын программаны да оқушылар өздері жасайды

 

Лицейде қызмет істеп жатқан ұстаздар қосынына «Білім-инновация» ХҚҚ-жағынан жаңадан 15 мұғалім келіп қосылыпты. Еліміз бойынша тұңғыш рет жұмыс бастап жатқан IT мектептің жоспары жүзеге асар болса, 11-сыныпты бітірген бала IT саласында өзіндік білімі мен тәжірибесі бар білікті маман ретінде жұмысқа тұра алады дейді лицейдің басшылары. Төменде жаңа оқу орны туралы фоторепортажды назарларыңызға ұсынып отырмыз.

 

 

 

 

Ақмола облысынан БИЛ түлектері лицейді жаңғыртуға көп күш шығарды

 

«Сөз ұғатын» робот

 

3D принтерлер бөлшектерді жасап жатыр

 

Әдебиет сыныбы

 

Жас өнерпаздар

 

Ақыл ой жарыстыру

 

Лицейдің әдемі бассейіні де бар

 

Ұлдар жатақханасы

 

Облысы әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы, лицей ұстаздары және ата-аналар

 

 

3 зоналы кітапхана