Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың ескерткіші алдына гүл шоғы қойылды

Гүл шоғын қою рәсімі Бірлік ауылдық округінде де өтті. Онда екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың ескерткіші алдына гүл шоғын қойылып, аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов жиналғандарды құттықтады. Сондай -ақ Жазылбек Қуанышбаевтың көзін кқрген ауыл ақсақалы, Еңбек ардагері Асан Асанов және Жазылбек Қуанышбаевтің бастамасын қолдап кмсомол жастар бригадасының жетекшісі болған Анаркүл Шынбалаевалар сөз алып, Жаз-Ата жайында естеліктерімен бөлісті.
Содан соң Бірлік ауылдық клубында мәдениет үйінің әншілері жырдан шашу шашаса, Ұстаздардан құрылған «Бірлік бұлбұддары» ансамбілі «Жазылбекшілер маршы», «Хантауым» әндерін нақышына келтіріп орындады.

 

 

 

 

 

Қуаныш Көбенғараев
Мойынқұм ауданы