Сіз неге жылайсыз?

Сіз неге жылайсыз?” – деп сұрады кішкентай бала анасынан
“Өйткені мен әйелмін”, – деп жауап берді анасы.
“Түсінбедім” – деді ол.
Анасы баласын қысып құшақтап: “Ешқашан да түсінбейсін… бірақ бұл дұрыс” – деп айтады.
Кейін бала әкесінен сұрайды: “Анам осы менің ойымша себепсіз жылайды, неліктен?” “Әйелдердің барлығы себепсіз жылай береді” – деп қысқа ғана әкесі жауап қайтады.
Бала есейіп, жігіт болғанда да осы сұрақ оның көкейінде жүреді. Кейін ол осы сауалын Құдайдан сұрауға бел буады: “Осы әйелдер неге оңай жылай салады? Сонда Аллаһ Тағала
“Мен әйел затын жаратқан кезде оның ерекше болуын қаладым. Әлемнің ауырлығын алып жүру үшін оның иықтарын мықты қылдым, еркелету үшін қолдарын назды еттім.
Бала босануды көтере алу үшін, көптеген бас тартушылық пен жәбірлерге төзу үшін оған ішкі күш сыйладым.
Мен оған шаршаса да, ауырса да, тіптен тастап кетіп жатса да алға ұмтылу үшін серпін беретін, отбасының қамын жасап, аялау үшін, достарына көмектесу үшін
мінездің тұрақтылығын бердім.
Қандай жағдайда болмасын, тіптен балалары қатты ренжітіп жатса да оларды сүю үшін сезімділік бердім. Әйел адамда балаларды түсініп, дұрыс жолға жетелейтін ерекше күш бар.
Мен оған теріс қылықтарына қарамастан өз ерінің тірегі бола алатындай қайраттылық бердім және оның жүрегін қорғау үшін мен оны сол еркектің қабырағасынан жараттым.
Мен оған ақыл бердім, ол жақсы еркек әйелін ренжітпейтінін түсінеді, тек кейде оның артында мығым тұра алатындығына сенімді болу үшін мықтылығы мен жігерлігін тексеріп қояды.”
“Сонымен қатар”, — Мен оған жылауға мүмкіншілік бердім. Мұнымен ол қалаған кезде, кез-келген уақытта қолдана алады және бұл оның жалғыз кемшілігі.
Сен егер оның жылағанын көрсең оны құшақтап, қалай сүйетініңді айт, егер ол одан бетер жылай берсе сен оның бақытты екенін сездірттің. Ол құдыретті адам!!!”