Бақыт деген не ?

М.Мақатаев.
Бақыт деген не өзі?» деп бастады топ таласты.
Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады: «Бақыт деген барлық, байлық емес пе?
Керегінше киіп ішсең бақыттысың емес пе?».
Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген қолың жетпес мансап қой.
Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат қой».
Бірі айтады: «Бақыт деген жүйрік мініп, той тойлау.
Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, карта ойнау.
Бірі айтады: «Бақыт деген адал жар мен перзент қой.
Ынтымаққа ырыс келген, ол да соған ермек қой».
Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым.
Бақыт адам баласына келмес оңай, соны ұқтым.
Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да,
Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда.
Үміт үзбей іздейді олар, тыңдап сол бір жақұтты,
Оны алыстан іздемегін, жүректен тап бақытты!
Мұқағали Мақатаев.