ШЫМКЕНТ: ЕРІКТІЛЕР ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Шымкентте қала күніне орай шаһар басшысы, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасы Мұрат Әйтенов конференц-байланыс арқылы волонтерларды құттықтап, «Biz Birgemiz» республикалық акциясына белсенді қатысқан еріктілерді еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасының Алғыс хатымен марапаттады.

Волонтерлардың көмегімен «Biz Birgemiz» акциясы шеңберінде қаламызда бүгінгі күнге дейін 107 миллион теңге көлемінде 8500-ге жуық мұқтаж отбасыға азық-түлік үлестіріліп, жалғызбасты қарияларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға 1 млн. дана маска тегін таратылды.

 

 

Бұдан бөлек, ерікті жастар техногенді апаттан зардап шеккен мақтааралдықтарға 81 миллионнан астам қаржыға азық-түлік, гигиеналық заттар мен киім-кешектер және техника жөнелтуге көмек берді.

– Волонтер болу – жүректің ісі, яғни шынайы ниеттің көрінісі. Сіздер қолға алған жұмыстардың барлығы дәл осындай мейірімділіктің жарқын үлгісі екеніне күмәніміз жоқ. Сіздерге барлық бастамаларыңызға сәттілік, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді марапаттау барысында Мұрат Дүйсенбекұлы.

Жалпы Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай кезінде халыққа көмек қолын ұсынған 130-дан аса ерікті марапатқа ие болды. Олардың қатарында «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы, Жастар мәслихатының депутаттары, қоғамдық қор мүшелері, Ішкі істер саласының мамандары мен БАҚ өкілдері бар.