Шомылу рәсіміне байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді

2023 жылдың 17 қаңтарында «Крещение Господне» мерекесін өткізу кезіндегі шомылу рәсіміне орай сұхбат ұйымдастырылды. Осыған орай, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында жергілікті БАҚ өкілдері жиналды. Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Уалихан Валиев шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау бойынша жалпы халыққа толық дегейде түсіндірді. Тараз қаласы «Успения Божией Матери» соборының протоиерейі Георгий өз кезегінде арнайы белгіленген орында шомылу рәсімінің шығу тарихына біршама тоқталып, тиісті деңгейде түсіндіріп, азаматтарға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаулары қажеттігіне ерекше тоқталды.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті