ҮШ ЖЫЛДА 75 БАЛАЛАЛАР АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

Тараз қаласының 2023-2025 жылдарға арналған даму жоспары аясында үш жылда 75 балалар алаңшасы салынады. 14 жасқа дейінгі балалар үшін жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі ойын орындары пайдалануға беріледі. Ересек балалаларға арналған шағын футбол алаңдары іске қосылады.

Балаларды сыртқа алып шыққан үлкендер бір мезгіл таза ауамен тыныстап, көршілерімен әңгімелесіп отыратын әрі күннен сая болатын «Бесеткалар» орнатылады.
Көп қабатты үйлердің алдындағы автокөлік тұрақтары кеңейтіледі. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Орынбеков «Әулиеата-медиа» ЖШС «Ақ жол» газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Амангелді Әбіл