Шай денсаулыққа пайдалы ма әлде зиян ба?

Бал, қара бұрыш, қосылған шай зәр қуғыш және тыныс жолдарына суық тигенде терлететін дәрі орнын басады. Жас шай жапырағының шырынымен, шай шырын сөлімен немесе ұнтақталып, үгітілген кепкен шаймен дененің күйген жерлерін емдейді. Кепкен көк шайды шайнау – жүрек айнығанды және аяғы ауыр әйелдерде, автокөлікте шайқалғаннан, теңіз сырқаттарынан болатын құсып, қатты лоқсуды басуға жақсы көмектеседі.  Көк шайдың қою тұнбасы денедегі сыртқы жараларды, тіпті жүйелі пайдаланған жағдайда асқазан мен аш ішек жараларын жазады. Көк шай тұнбасы қан қысымын түсіреді.  Кешегі шай бұзылмаған болса, оны тәнге тарту арқылы емдік мақсатқа пайдалануға болады. Себебі бір тәулік тұрған шайда қышқылдар мен фтор көбейеді. Тіл ойылған-да, экземаға, теріге жарақат түскенде, іріңді жараларға ем ретінде қолданады.  Кешегі шаймен көзді сүртсе, қызарғаны басылады. Таңертеңгі және кешкі тісті жуар алдында онымен ауызды шайса, тістің түбі нығаяды.  Шай түрлі бактерияларды өлтіре алатын күшке ие. Негізінен, ол – сүзек, дизентерия тәрізді аса қауіпті бактерияларды жояды. Шай қан құрамын, жүрек жұмысын жақсартады.  Шай бүйрекке тас байлануын болдырмайды.  Жақсы өскен шай жапы-рағында С,В1,В2,А,Р дәрумен-дері бар деп, оны бет – алды іше берсең, шай өңінді өзгертіп, ұйқыңды қашырады.  Шайды тым қою етіп дайындап ішсең, оның құрамын-дағы кофеин жүйке жүйесінің қызметін қоздырады, қан қысымын күшейтіп жібереді. Шай 18 градус ыстықтан төмен болса, жұпар иісі мен адам жанын сергітетін шипасын, дәмдік татымдылығын жоғалтады.  Шай тұнбасындағы Р дәрумені адам ағзасына С дәруменінің жақсы сіңуіне көмектеседі. Ал  С дәрумені жетпеген адамға көк шай ішу қажет. Көк шайды дұрыс пайдалана білген адам ерте қартаймайды.  Шай тұнбасы қан капилярын бекітеді, жүйкені жақсартады. Көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жанын сергітіп, сейілтеді. Көк шайда жан мен тәнді жадырататын дәрумендер бай.  Ол жүрек тамыр ауруларына, әсіресе, қан тасу мен атеросклероз сырқатын емдеуге шипа. Адамдардың ерте қартаюына, әжімнің ерте түсуі- не ағзада дәрумендер мен микроэлементтердің аздығы басты себеп екендігі белгілі. Ал көк шай құрамында поливитаминді бұл жағдайда ынталандырушы құрал ретінде емдік, профилактикалық мақсаттарда сәтті қолдануға мүмкіндік мол. Тұнба құрамында алколоидтер мен дәрумендер болғандықтан, оның алкогольге қарсы күші де бар. Қытай, жапон елінде көк шай жоғары бағаға ие.  Американдық зерттеушілер көк шайдың адам терісінің өліп бара жатқан клеткаларын тірілтетінін анықтады. Көк шайдың құрамына кіретін полифенал ДНК – ның өзгеруіне, рак ауруына ұшырататын радикалдармен күресуге бейімді болып шықты. Сонымен қатар, полифеналдың сау клеткаларды қорғап, ісікті жоятын қасиеті бар. Болашақта ғалымдар көк шайдан диабет пен тері ауруларын емдейтін дәрі алмақшы. Таңертең ащы кофе ішуге үйренгенсіз бе? Оның жүрек пен бауырға зиянды екенін білесіз бе? Егер оны шипалы сусынға ауыстырғыңыз келсе, көк шайды таңдаңыз. Көк шайға бір бөлік лимон мен шай қасық бал қоссаңыз, адамға мол күш-қуат беретін сусынның дайын болғаны. Көк шай жүйке жүйесін тынықтырады. Ал кейбіреулер оны салмақ тастау үшін де ішеді. Әр нәрсенің пайдасы мен зияны болатыны секілді шайдың да зияны бар.  Алайда шай белгілі бір уақыттарда ішуге болмайтын кездерінде зиянын тигізеді.  Шайды ішуге болмайтын кездер  Аш қарынға ішпеңіз. Ас қорыту жолындағы ішкі мүшелер шайдың кесірінен зақымдануы мүмкін.  Шайды өте ыстық кезінде ішуге болмайды. Ыстық шай ауыз бен жұтқыншақты, ас қорыту жолдарын күйдіреді.  Бұл сусынды суып қалған күйінде де ішуге болмайды. Ондай шайдың кесірінен қақырық тұрып қалуы мүмкін.  Шайды тым ащы қылып ішпеңіз. Ол денсаулыққа зиян. Егер түн уақыты болса, ұйқыңыз келмей, басыңызды ауыртуы мүмкін.  Дәрі-дәрмек қабылдаған кезде шай ішуші болмаңыз. Себебі шай  дәрінің күшін жояды.  Шайды тамақтан алдын немесе тамақтан кейін ішуге болмайды. Тамақ пен шайдың арасы 20-30 минуттай болуы керек.  Шай тұрып қалса, оны ішуге болмайды. Негізінде, шай демдегеннен 20-30 минуттан кейін өзінің құрамындағы заттарымен қышқылдану процесін бастайды. Хош иісті заттар мен пайдалы деген құрамдас бөліктері (фенол, липоид, эфир майы) жарамсыз болып қалады.  Қайта-қайта демдеген шайдың пайдасы жоқ. Керсінше, зияны бар. Алғашқы рет демдеген шайдағы пайдалы заттардың жартысына жуығын алсаңыз, екінші рет демдегенде 30%, үшінші рет демдегенде 20%, ал, одан кейінгісінде 10% пайдалы заттарды ала аласыз.  Көп мөлшерде ішуге болмайды. Қара шайды көп пайдаланудың зияны бар. Сондықтан, күнделікті қалыпты мөлшерді сақтаған жөн. Қалыпты мөлшер ащы емес шайдың 4-5 шыныаяғы болады.

 

Дереккөз : anabol.kz