Серозды менингит
Серозды менингит — мидың жұмсақ қабығындағы жедел қабыну процесі. Оның себебі вирустар (шамамен 80% жағдайда), сондай-ақ бактериялар мен саңырауқұлақтар болуы мүмкін. Вирусты серозды менингиттің қоздырғыштары көбінесе энтеровирустар, Эпштейн-Барр вирусы, герпес вирусы, цитомегаловирус, аденовирустар, тұмау вирустары, қызылша және т.б. Ауру әлдеқайда ересектерге қарағанда балаларды жиі зақымдайды.
Серозды менингитке қандай симптомдар тән?
Бұл ауру үшін «жіті басталу» тән: дене қызуы 40C дейін көтерілуі, күшті бас ауруы, ағзаның уыттану белгілері – бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну, әлсіздік, жүрек айну, құсу. Бас тұрақты қатты ауырады, басын қимылдатқанда, жарық түскенде, өткір дыбыстармен немесе шуылмен естілгенде күшейеді. Серозды менингитке тән науқастың белгісі басын артқа тастап, аяқтарын бауырына жинап жатады («поза легавой собаки»).
Серозды менингит қалай жұғады?
Инфекция көзі ауру және вирус тасымалдаушылары болып табылады. Инкубациялық кезең екі күннен он күнге дейін. Жұқтыру жолы іс жүзінде кез-келген болуы мүмкін: ауа-тамшы, қарым-қатынас (заттар арқылы), су (су қоймалары, бассейндерге шомылғанда).
Серозды менингитке күдік туындаса не істеу керек?
Менингитке кез келген күдік болғанда шұғыл түрде «жедел жәрдем» шақыртып, науқасты ауруханаға жатқызу керек. Серозды менингиттің қоздырғышы жиі вирустар болғандықтан, бұл жағдайларда антибиотиктерді қолдану орынсыз. Алайда, кейбір жағдайларда олар диагнозды түпкілікті белгілегенге дейін тағайындалады. Одан әрі вирустық менингит вирусқа қарсы дәрілердің көмегімен емделеді.
Жұқтырудан аулақ болуға және қорғануға бола ма?
— Әрине, белгілі бір қауіпсіздік шараларын сақтау кезінде серозды менингит жұқтыру ықтималдығын төмендетуге болады.
— Иммунитетті нығайту (денені шынықтыру, спортпен айналысу, жиі серуендеу).
— Серозды менингиттің өршуі кезінде жаппай іс-шараларға, адамдар көп жиналатын жерлерге баруға, сондай-ақ ашық су айдындарында шомылуға болмайды.
— Әрқашан арнайы тазартылған немесе қайнаған суды ішу керек.
— Жеке гигиена ережелерін үнемі сақтау керек, дәретханадан кейін және тамақ ішер алдында қолды мұқият жуу керек.
— Жеміс-жидек пен көкөністерді қолданар алдында әрқашан жуу керек, мүмкіндігінше қайнаған сумен шаю қажет.
— Энтеровирустық аурудың белгілері пайда болған адамдармен байланыс жасамау.
— Тыйым салынған жерде шомылуға болмайды.
Наурызбай ауданы
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқарма басшысы
В.Конеева
Эпидемиологиялық бақылау
бөлімінің бас маманы
К. Отебаева

