Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы хабарлама жасау тәртібі
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес, хабарламалар қауіптілік деңгейі төмен, бірақ мемлекеттік органдардың осындай қызмет түрлерінің немесе әрекеттердің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы ақпаратты хабарлама арқылы алуын талап ететін қызмет түрлеріне немесе әрекеттерге қатысты енгізіледі.
Хабарлама жасау тәртібіне жататын эпидемиялық маңызы болмашы объектілер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесінде көрсетілген. Аталған тізбе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 желтоқсанда № 21710 болып тіркелген.
Хабарламаларды өтініш берушілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы жібереді.
Осы Заңда рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жеке және заңды тұлғалардың тиісті рұқсатты алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді. Хабарламада және (немесе) хабарламаға қоса берілген құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыстығына өтініш беруші жауапты болады. Өтініш берушілер эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесіне сәйкес қызмет түрін міндетті түрде көрсетуі тиіс және олардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын эпидемиялық маңызы болмашы объектіге шынымен де жататынын көрсетуі қажет.
Наурызбай ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
В.И.Конеева
Қызметті жоспарлау және талдау
бөлімінің басшысы
Б.Султанбаева

