САРЫСУЛЫҚТАР САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Бүгін, 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осы ретте бүгін Саудакент ауылының орталығында орналасқан 1932-1933 жылдардағы ашаршылық және 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қою рәсімі өтті.

Жиынға аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев бастаған актив мүшелері мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері және бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты.

Гүл шоғын қою рәсімі басталмас бұрын жиылған көпшілік ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Одан әрі аудан басшысы Марат Қырғызәліұлы мен зиялы қауым өкілдері Саудакент ауылдық «Майлыбай» мешітіне жаяу барып, құрбан болған әруақтардың рухына құран бағыштады.
Дәл осындай еске алу мәдени-көпшіліктік іс-шаралары қала мен барлық ауылдық округте ұйымдастырылды.

Айта кетейік, зұлматты жылдары 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңнан астамы атылған.

 

Сарысу ауданы әкімдігінің Баспасөз қызметі