Сарысулықтар «Қазақстанның үздік тауары» көрмесіне қатысып қайтты

Жамбыл облысында өткен халықаралық экономикалық инвестициялық форум аясында ұйымдастырылған «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына Сарысу ауданынан да бір топ кәсіпкерлер қатысып қайтты.
Көрмеге қатысқаны үшін кәсіпкерлер «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, ауданның «Үздік тауар» номинациясы бойынша мүгедектерге арналған арба жасайтын «Сарысу» жеке кәсіпкерлігі арнайы номинациямен марапатталды.