Атқарылатын жұмыс ауқымды

«AMANAT» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңес Бюросы отырысы өтті. Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жамбыл облысы Байзақ ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар мен көрсеткіштер тізбесін бекіту қаралды.

Бюро отырысының күн тәртібіне шығарылған мәселе бойынша Саяси кеңестің Бюро мүшелері бірауыздан тиісті қаулылар қабылдады.

* * *
«AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының жетекшісі Асылбек Жантаевтың төрағалығымен фракция отырысы өтті.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жамбыл облысы Байзақ ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар мен көрсеткіштер тізбесін аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелеріне талқылауға ұсынды.
Жоғарыда аталған күн тәртібімен өткен фракция отырысында сөз «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева ауданның алдағы бес жылға арналған әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси бағыттарын айқындаған «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жамбыл облысы Байзақ ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар мен көрсеткіштер тізбесіне жауапты аудандық мәслихатындағы депутаттық фракция мүшелерін таныстырып, стратегиялық маңызды құжат екеніне назар аударуға және сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылуына жұмыс белсенділігін арттыру қажеттігін айтты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша фракция мүшелері алдағы міндеттер бойынша өз ойларын ортаға салып, тиісті шешімдер қабылданды. Отырысты фракция жетекші А.Жантаев қорытындылады.

Байзақ ауданы