Сарысу ауданы әкімдігінде құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі маңызды жиын өтті

Сарысу ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан басшысы Сәкен Мамытовтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы ұйымдастырылды. Ауқымды жиынға қала және ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің жауапты бөлім басшылары, тиісті мекеме мен кәсіпорын жетекшілері қатысты. Сондай-ақ маңызды басқосуға Жамбыл облысы Полиция департаменті Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы, police полковнигі Данияр Асылбеков арнайы келіп қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібінде қоғам үшін аса өзекті қос мәселе қаралды. Алдымен Сарысу аудандық полиция бөлімі мен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшылығы нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу бағытында қабылданған шаралардың нәтижелері мен тиімділігі туралы есеп берді. Одан кейін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы баяндалды. Күн тәртібінде