«Сарыарқа самалы» газетінің тоғызқұмалақ турнирі аяқталды

Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің жүлдесіне арналған тоғызқұмалақ бойынша XII республикалық турнир аяқталды. Ұлттық ойын жарысына Маңғыстау, Қарағанды, Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан 8, 10, 12, 15, 16 жас аралығындағы 400-ге жуық бала қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша балалар арасында 9 категория бойынша жеңмпаздар анықталды. Оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 14 оқушысы бар. 8 жастағы ұлдар арасында II орынды № 2 мектептің 3 сынып оқушысы Бағдат Мират, VII орынды № 28 мектептің 2 сынып оқушысы Дінмұхамед Кажикенов, IX орынды М. Әуезов атындағы мектептің 3 сынып оқушысы Абылай Оразбай иеленді. 8 жастағы қыздар арасында І орынды Б. Момышұлы атындағы мектептің 3 сынып оқушысы Диляра Шайкенова. 10 жастағы ұлдар арасында I орынды № 37 мектептің 5 сынып оқушысы Нұрхан Тоқтасын иеленді. 10 жастағы қыздар арасында II орынды № 35 мектептің 4 сынып оқушысы Елдана Оралбай иеленді.

12 жастағы ұлдар арасында IV орынды № 25 мектептің 6 сынып оқушысы Надир Ахметов иеленді. 12 жастағы қыздар арасында II орынды № 35 мектептің 7 сынып оқушысы Дильназ Жанат, III орынды № 25 мектептің 7 сынып оқушысы Алина Исенова, IV орынды № 7 мектептің 7 сынып оқушысы Тұрлығазы Динара, VI орынды № 19 мектептің 6 сынып оқушысы Алиана Сапарғали иеленді.

15 жастағы ұлдар арасында I орынды № 20 мектептің 10 сынып оқушысы Ернұр Қазым, III орынды № 7 мектептің 9 сынып оқушысы Сұлтан Смағұлов иеленді. «Ең жас тоғызқұмалақ» номинациясында Павлодар қаласы, № 5 ЖОМ 2 сынып оқушысы, 7 жасар Сабина Сейткәрім марапатталды

Тiлеубердi Сахаба