САЙРАМДА 100-ДЕН АСҚАН ЕЛ АНАЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитов 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында аудандағы ғасыр жасаған кейуаналардың шаңырағына барып, мерекемен құттықтады. Алдымен Ақбұлақ ауылдық округінде болған аудан басшысы 102-ге келген Қызылкүл Қуандықованы мерекемен құттықтап, иығына ақ жаулық жапты. Аудан әкімі бүгінде немерелері мен шөберелерінің ортасында бақытты әже атанып отырған абыз анаға мықты денсаулық тіледі.





Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі