Түркістандағы «Достық үйінде» облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Арулар асыл жандар – шуақ боп шашылғандар» атты мерекелік шарасы өтті.
Мерекелік жиынға облыстық, аудан, қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңестері мен этномәдени бірлестіктердің төрайымдары, мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шарада сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, олардың еңбектеріне табыстар тіледі.
Басқосуда облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова қоғамдағы аналардың рөлі мен жауапкершілігі жайында сөз етсе, ұлағатты ана Ақбаян Жақыпова «Аналар өнегесі – ұрпаққа аманат» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Жиын барысында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан ел ынтымағын сақтауға және отбасы құндылықтарын нығайтуға белсене атсалысып жүрген аналар қауымына сый-құрмет көрсетілді.
Шара соңында мәдениет саласының өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.