САЙЛАНДЫ

Сарысу аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес, Жұмабай Жандос Жамаубайұлы Тоғызкент ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Жаңадан сайланған Жандос Жамаубайұлын халыққа аудан әкімі Сәкен Мамытов таныстырып, жаңа лауазымымен құттықтады. Сондай — ақ, ауыл әкіміне тиісті міндеттемелер жүктеп, ауылды көркейтуге бар күш — жігерді аямау керектігін айтты.
Аудандық орталық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулетберді Шортанбаев Сарысу аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 17 қарашадағы әкім сайлауын тіркеу туралы шешімін таныстырды.
Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов, ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі Жансерік ағамыз бен аудандық мәслихат депутаты Талғат Наханов та ізгі тілегін жолдап, елмен етене жұмыс жасауда ашықтықтың маңызды екенін жеткізді.

Жұмабай Жандос Жамаубайұлы 1994 жылы 29 желтоқсанда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2016 жылы Тараз иновациялық — гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2020 жылы Жаңаарық ауылдық округі әкімі аппаратының өткізу режимінің инспекторы болып бастаған. 2021-2023 жылдары Жаңаарық ауылдық округі әкімі аппаратының статисті, 2023-2024 жылдары Түркістан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2025 жылдың қаңтар айынан бастап Сарысу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы қызметтерін атқарды.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы