ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ — ЗАҢҒА ҚҰРМЕТ
Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Әз Тәукенің жеті жарғысын Ұлы даланың конституциясы. Атадан балаға жалғасқан бұл заңдар мемлекеттілік дәстүрін нығайта отырып, қоғамдық дамуға ерекше ықпал еткен. Ұлы дала елінде еркіндік пен әділдік, ар намыс пен адамгершілік, тілеулестік пен жауапкершілік бәрінен де биік тұрған.

Осы орайда, бүгін аудандық мәдениет үйінің «Коворкинг» орталығында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Әділ қоғамның бастауы-заңға құрмет пен отбасындағы тәрбие» атты аудандық ардагерлер форумы өтті.
Форумның шымылдығы аудандық «Сарысу» халықтық театрының өнерпаздарының «Сен үшін» көрінісімен ашылды. Форумды аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов жүгізіп отырды. Шараға сондай — ақ, облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Қонысбай Ильясов, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған әкелер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған аналар алқасының төрайымы Хадиша Оспанова, «Жас шаңырақ: бақыт пен жауапкершілік жолы» облыстық «Асабалар алаңы» ҚБ төрағасы Ринат Нұрақбаев, облыстық асабалар қоғамының мүшесі Нұркен Жаңабаев, Сарысу ауданының имамы Ғалымжан Қонақбаев, аудандық билер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Марқаш Мизенбаев, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Светлана Қожаназарова, аудандық полиция бөлімінің өкілі Ербол Мұсаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов пен кеңес мүшелері және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Іс шара барысында «Ата-ана — ұрпақ тәрбиесінің бастауы», «Құқықбұзушылықтың алдын алу», «Тәртіп пен тағылымның түбі – дін мен заңда», «Билер өнегесі – әділдік пен тәртіптің мәңгілік мектебі», «Жастардың құқықтық санасын қалыптастыру – әр әкенің аманаты», «Заң мен ізгілік тоғысқанда – ананың рөлі ерекше» тақырыптарда спикерлер тұшымды әңгімелерін ортаға салып, қоғамдағы өзекті мәселелерге тоқталды. Форум соңында бірқатар ардагерлерге «ЗТБ Альянс» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, сый сияпат жасады.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

