С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы» атты концерттік кеш өтті

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында лирик, қазақ поэзиясының қайраткері Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы» атты концерттік кеш өтті.

 

 

Концертте Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі мен жеке орындаушылары – Ержан Базарбеков, Кұрмаш Ыбышев, Дәуренбек Әркенов, Дулат Аханов, Ришат Шабденов, Гүлмира Тапай өнер көрсетті. Дирижер — Ерлан Бақтыгерей.

 

 

Сондай-ақ аталмыш іс-шарада Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының әртістері театрландырылған қойылым ұсынды. Бағдарламада Жамбыл мен Құлмамбеттің, Жамбыл мен Айкүмістің айтысы тарту етілді.

 

Жомарт Шаймұрат