Рысқұлов ауданында табиғи газбен қамту көрсеткіші жоғары деңгейде
Рысқұлов ауданында халықты табиғи газбен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгінгі таңда аудан аумағындағы 42 елді мекеннің 35-і, яғни 83,3 пайызы табиғи газбен қамтылған.
Қазіргі уақытта 65 612 адам табиғи газ тұтынуда. Оның ішінде 12 786 абонент және 524 заңды, кәсіпкерлік субъектілер бар. Тұрғындар санымен есептегенде табиғи газбен қамту деңгейі 99,4 пайызды құрап отыр (жалпы халық саны – 65 218 адам).
Газбен қамтылмай отырған 7 елді мекенде 394 тұрғын бар. Оның ішінде 2 елді мекендегі 226 тұрғынға газ жүргізілген жағдайда аудан бойынша газбен қамту көрсеткіші 99,9 пайызға жететін болады.
Газдандыру бағытындағы жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. 2024 жылы Қорағаты станциясын (163 тұрғын) газдандыру үшін 22,5 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, жобаның жалпы құны 197,5 млн теңгені құрады. Ағымдағы жылдың ақпан айында жобаны қаржыландыру бойынша республикалық бюджетке өтінім беріліп, қазіргі уақытта қаржыландыру күтілуде.
Сонымен қатар, Сұмқайты ауылын (63 тұрғын) газдандыруға арналған жобалық-сметалық құжаттама демеушілер есебінен әзірленіп, жобаның жалпы құны 218,2 млн теңге болып белгіленді. Алдағы уақытта жобаны қаржыландыру бойынша облыстық Энергетика басқармасына өтінім беру жоспарлануда.
Аталған жобалар іске асқан жағдайда Рысқұлов ауданында табиғи газбен қамту деңгейі ең жоғары көрсеткіштерге жетіп, тұрғындардың тұрмыс сапасы мен әлеуметтік жағдайы айтарлықтай жақсарады.

