Қытайлық Vero Cell вакцинасы қарағандылықтарға  қашан қолжетімді болады

Қарағанды облысында 42 мың адам қытайлық Vero Cell вакцинасымен егілетін болады. Препарат жақын арада түсуі керек.

Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте мәлімдеді.

Осы жылдың 7 мамырында Vero Cell қытайлық вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдады. Шілдеде ол COVAX вакциналар банкіне кірді. Вакцина белсенді емес, екі дозалы.

Басқарма басшысының мәліметінше, облыста ресейлік «Спутник V» вакцинасы және отандық QazVac бар. Ол сонымен қатар Hayat-Vax және CoronaVac вакциналарының екінші компоненті тек алғашқы дозасын алған және иммундауды аяқтаған адамдарға қол жетімді екенін айтты.

Қарағанды облысында 12 тамыздағы жағдай бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 432 331 адам, екіншісін – 322 175 адам алды.

 

        Жомарт Шаймұрат