Қырық қатпар тірлікті қыбын тапқан біледі

Ауыл – елдің ертеңі. Сондықтан да Үкімет «Ауыл – ел бесігі» жобасын үкілеп айдар тағып, алыстағы ағайынға бағыттады. Бүгінде жемісті жоба аясында ауқымды істер қолға алынып, ауылдардың ажары кіре түсуде. Бұл сөз жоқ, бүгіннің ісі ертеңгі елге мол мұра.

Отын-энергетика кешені нысандарының 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымына дайындығы-бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Аудан аумағындағы отын-энергетика кешені нысандарын 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымын сапалы өткеру мақсатында аудан әкімдігінің 2019 жылғы 31 мамырдағы №186 қаулысына сәйкес отын-энергетика кешені нысандарын жаңа жылу маусымына дайындау іс-шаралар жоспары, комиссия құрамы бекітілген.

Аудан аумағында 152 әлеуметтік нысандардың 49-ы газбен, 101-і көмірмен, 1-і сұйық отынмен, 1-і мазутпен жылытылады.Білім мекемелерінің қазандықтарының 77% типтік отқазандық, 23% шағын отқазандық, 42,5% газдандырылған. Мәдениет саласы нысандарының 5,3 % типтік, 94,7 % шағын отқазандық, 12,3 % газдандырылған. Денсаулық сақтау саласы мекемелерінің 9,5% типтік, 90,5% шағын отқазандықты, газдандырылғаны 40% құрайды.

Алдын ала жоспар бойынша аудандық бюджеттік мекемелерге қажетті шамамен 7306 тн көмір сатып алу жоспарлануда. Тұрғындарға қажетті көмір -11500 тонна

2019 жылы жалпы абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына 43,111 млн.теңге қарастырылып, оның ішінде: 30,111 млн.теңге абаттандыру-көгалдандыру жұмыстарына, ал 13,000 млн. теңге санитарлық тазалық жұмыстарына бөлінген.

Көктемгі екі айлықта барлығы егілетін тал-терек жоспары 950 дана, гүлзарлар орналастыру жоспары 1600м2, көгал орналастыру жоспары 2710м2, арық және каналдар тазалау жоспары 35 шқ, көшелерді тазалау 245 шқ, саябақтарды, скверлерді тазалау және көріктендіру 1400, кездейсоқ күл-қоқыс орындарын тазалау 225 тн толығымен орындалды.

Т.Рысқұлов ауданы бойынша тұрмыстық қалдықтарды полигондарға тасымалдау жұмыстарын «Тазалық» ЖК ауыл тұрғындарымен келісім-шарт жасап, айына жеке тұлғаларға 400 теңгеден, заңды тұлғаларға 1000 теңгеден, жалғыз бастыларға 200 теңгеден және 1-2 топтағы мүгедектерге тегін. Айына бір үйден 16 мүшек қалдықтар шығарады және округ әкімшіліктерімен келісім-шартқа тұрып тиісті жұмыстар атқарады. 2018 жылы Аудан халқына қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілген қызметтермен қамту үлесі 92% болды. 2019 жылы бұл көрсеткіш 93% қамту жоспарлануда. Қатты қалдықтарды тасымалдау бойынша «Тазалық» ЖК-де 2 зил,1 трактор, 1 кран қызмет етеді. Қосымша ауданға «Таза су-2014» мекемесінде 4 трактор тіркемесімен 2017 жылы алынған, тиісті жұмыстар атқарады.

Бұл әрине қайсібір жанға ұсақ-түйек тірлік болып көрінгенімен, қырық қатпар тірліктің қыбын тапқан ғана білетінін ұмытпаған жөн.

Төлен Дедек