Қоғам тыныштығына қызмет ететін кеңес

Қазіргі уақытта қоғамдағы тұрақтылыққа аса зор назар аударып отырған Қоғамдық келісім кеңестері Үкімет пен тұрғындар арасындағы әмбебап диалог алаңына айналғаны уақыт ақиқаты. Жасыратыны жоқ, Қордай ауданында орын алған келеңсіз жағдай, бәрімізге – үлкен сабақ болды. Ендігі міндет – осындай жағдайға жол бермеу болып табылады,-деп хабарлайды «Elana.kz» сайты.

Нақтырақ айтқанда, қазіргі уақытта бүкіл облыс көлемінде 200-ге жуық қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істейді. Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері де қоғамда беделі бар, айтары нақты, сөзі өтімді тұлғалардан сайланады. Бір сөзбен айтқанда, қоғамдық келісім кеңестері Ассамблея жанынан құрылып, татулық пен тұрақтылықтың сақталуына жергілікті билік өкілдерімен бірге қызмет етуде. Бүгінгі күні жергілікті атқарушы билік өкілдерінің Қоғамдық келісім кеңестерімен санасатынын да байқап отырмыз. Демек, бұл Кеңестердің айтары барын, халық атынан сөйлеуде, салмақты ой айтуда орны барын, беделінің артып келе жатқанын аңғартады. Осы орайда, облыстық және аудандық Қоғамдық келісім кеңестерінің атқарған жұмыстарына тоқталатын болсақ, Жамбыл облысында пандемия кезінде қоғамдық келісім кеңестерінің атқарған жұмысы жайлы айтар болсақ, Жамбыл облысында 1 облыстық, 10 аудандық, 3 қалалық, 154 ауылдық округтер мен 13 ірі мекемелерде ҚХА Қоғамдық келісім кеңестері құрылып, жұмыс жүргізілуде. Достық үйінде облыстық Қоғамдық кеңес және ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі мен Аналар кеңесі бірлесуімен құрылған 4 топ «Бірыңғай ашық есік күні» аясында тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша қабылдаулар жүргізді, 45 адамның өтініші мен тілегі тыңдалып, 20 мәселе өз шешімін тапты және 25-і тиісті орындарға жолданды. Жамбыл облысында ҚХА қоғамдық келісім кеңестеріне екінші тоқсанда 404 өтініш келіп түсті, 299 өтініш өз шешімін тапты,105-і орындалу үстінде. Атап айтқанда, көп балалы отбасыларды тұрғын үймен және ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, газдандыру, көшелерді жарықтандыру, тұрғын үйлер салу үшін жер беру, аялдамалар салу және т.б бойынша 147 мәселе, көп балалы, жағдайы төмен, жас отбасыларға материалдық, әлеуметтік көмек беру, аймақтарды абаттандыру бойынша, мектептер үшін кітаптар сатып алу, иесі жоқ иттерді аулау, елді-мекендегі тұрғындардың қауіпсіздігі, жеке меншіктің жиі ұрлануына байланысты мәселелер, тұрғын үй, ғимараттар мәлеселері бойынша 60 мәселе, қайырымдылық жұмыстар: қарияларға көмек көрсету, өрттен зардап шеккендерге үйді жөндеуге қаржылық көмек көрсету бойынша 49 мәселе шешімін тапты.

Мұндай тәжірибе Қордай өңірімен ғана шектелмей өзге этнос өкілдері тығыз орналасқан Шу, Мерке, Байзақ, Жамбыл және Талас аудандарында қоғамдық келісім кеңестерінің саны арттырылып, сонымен қатар, бірлескен Қоғамдық келісім кеңестері құрылды. Осылайша, жоғарыда аталған бағыттар бойынша 87 Қоғамдық келісім кеңестерінің ішінен 12 Бірлескен Қоғамдық келісім кеңесі жаңа бағытта жұмыс атқаруды белсенді қолға алды. Бұл жұмыс облыстың басқа аудандарында да жүзеге асырылатын болады.

 

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы

Убайдуллаева Рано Махсұдқызы