ҚИЫН-ҚЫСТАУ КЕЗЕҢДЕ ДЕ РУХЫМЫЗ БИІК БОЛСЫН! БАЙҚАУҒА ҚАТЫСЫҢЫЗДАР!

Бәйгеге! Бәйгеге!

 Қиын-қыстау кезеңде де рухымыз биік болсын!

Байқауға қатысыңыздар!

«Қазақстан дәуірі»» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының бірлесіп «Covid-19» індеті кезінде ұжым ішінде ерен еңбектерімен ерекше көзге түскен қызметкерлер арасында басшылық байқау ұйымдастыруды ұйғарды. Бұл байқауға журналистермен қатар техникалық қызметкерлер де қатыса алады.

 

         Байқау шарттары

     Байқауда осы індет жайлы жазылған мақалалар қатыстырылып, арнаулы комиссия олардың сапасын сараптап, алған, еншілеген орындарын белгілейді. Олар өзіміздің қос сайтта («ҚД» және «МБ») жариялануы тиіс. Сондай-ақ мақалалардың сапасымен бірге оларды сайтта, фейсбукте, инстаграмда қанша оқырман оқып, қарағаны да (лайк, пікірлері) назарға алынады. Бәйгеге еш жерде жарияланбаған материалдар ғана қабылданады. Бұл да байқаудың негізгі шарттарының бірі.

Техникалық қызметкерлер мен операторлардың еңбектерінің жарқырап көрінуі, сайттардың белсенділігі, жаңашылдығы, материалдардың дер кезінде салынуы зор рөл атқарады. Әрине, жарияланған материалдардың безендірілуі, мазмұндылығы комиссияның басты назарында болады.

 

         Байқау мерзімі

         Мемлекетіміздің төтенше жағдай мен карантинді жариялаған уақытының басталуы мен аяқталуының мерзімінде мөлшерленеді.

 

         Байқау ережесі және марапаттары

          Журналистер шығармалары сан алуан тақырыптарды қамтуы тиіс. Жанрларына да шектеу қойылмайды. Ұтқырлық, тапқырлық, шынайылық басты өзек болуы талап етіледі. Жақсы фотолар да назарға алынады. Шығармалардың кейіпкерлері күн-түн демей еңбектеніп жүрген дәрігер, жедел жәрдем жүргізушілер, әскери азаматтар, ішкі істер қызметкері, полициялар, т.б. болса нұр үстіне нұр. Сондай-ақ осы тақырыптағы проза, поэзия тақырыбы аясындағы көркем дүниелер, имандылық тұрғысында патриоттық деректі мақалалар бәйге қоржынына түсіп жатса құба-құп.

Жеңімпаздарға ЖШС-ның арнаулы марапаттау қағазы және ақшалай сыйлық беріледі. Бірінші, екінші, үшінші орындар белгіленіп отыр.

Қадірлі әріптестер, ұжымдастар, бәйге-байқауға белсенді қатысыңыздар! Ұжымымызда әрқашан ынтымақ-бірлік болсын! Тапқанымыздың берекесін берсін!

 

                                                                           Ұйымдастыру комиссиясы