Қарағандының жеке меншік балабақшаларында мемлекеттік тапсырыс бойынша мектеп жасына дейінгі балаларға арналған 650 жаңа орын пайда болды

Қарағандының жеке меншік мектепке дейінгі мекемелері 1 жастан 6 жасқа дейінгі 650 баланы қабылдауға дайын. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүргізілетін болады.

Қарағанды қаласының білім бөлімінің ақпараты бойынша, келесі мектепке дейінгі мекемелерде жаңа орындар ашылды: «Teddy»-де 40 орын (Мұқанов көшесі, 63), «Балдырғандар әлемінде» 90 орын (Аманжолов көшесі, 94), «Ayala kz»-те 42 орын (Қуанышпаев көшесі, 18), «Ступени-2»-де 60 орын (Шахтерлер даңғылы, 32) және «Baby club-3»-те тағы 60 орын (15 шағын аудан, 8). Сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған 56 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз етілді. Бақшаларға жолдамаларды indigo-kargoo.e-orda.kz жүйесінде алуға болады.

Қарағанды облысында барлығы 514 мектепке дейінгі мекеме бар. Indigo-kargoo.e-orda.kz жүйесінің деректері бойынша (2021 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша) оларда 6 709-ға жуық бос орын бар. Бұл ретте облыс бойынша балабақшаларға жалпы кезекте 20 мыңға жуық бала тұр. Олардың көпшілігі жаңа туылған және екі жасқа дейінгі балалар.

– Өңірдегі мектепке дейінгі мекемелер толық жобалық қуатына толықтырылмаған. Мысалы, Қарағандыда 1 242 орын бос. Теміртауда 766 орын, Абай ауданында 673 орын бар. Негізінен бос орындар кіші және орта топтарда, – дейді Қарағанды облысы білім басқармасының бас маманы Әсел Таукенова. – Біз оны пандемиямен байланыстырамыз. Оның алдында бізде барлық балабақшаларда толық жүктеме болды.

Айта кетейік, Қарағанды облысында биыл Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында екі балабақша пайдалануға берілуі тиіс. Олардың құрылысы бюджеттен қаржыландырылады. Жалпы, оларда 640 орын пайда болады.

Облыс орталығында 300 орындық үш жекеменшік мектепке дейінгі мекеме жұмыс істей бастайды. Саран және Бұқар Жырау аудандарында бар алаңдарды кеңейту есебінен мемлекеттік және жеке меншік балабақшаларда жаңа орындар пайда болады.

Сондай-ақ, Теміртау, Шахтинск және Шет аудандарында жаңа бақтар пайда болуы тиіс. Онда бес жекеменшік мектепке дейінгі мекеме ашылады.

Жұмыс істеп тұрған нысанды қайта ұйымдастыру есебінен Абай ауданында 50 орындық шағын орталық іске қосылады. Жаңаарқа, Жезқазған және Қарқаралының жеке меншік мектепке дейінгі мекемелерінде 88 қосымша орын пайда болады.