Қарағандылық көп балалы аналар шала туған балаларға жүннен тоқылған киімдер әзірледі

«Асыл Ана 2020» қоғамдық қорының еріктілері шала туған нәрестелерге жүн шұлықтары мен киімдерін тоқыды. Олар тоқылған бұйымдарды Пришахтинск перинаталды орталығына тапсырды.

Шала туылған нәрестелер ерекше күтімді қажет етеді және бірнеше ай бойы аналарымен бірге перинаталды орталықтарда болады. Нәрестелер арнайы кювез қораптарына орналастырылады, онда белгілі бір температура мен ылғалдылық сақталады. Мұндай балалар жылуды тез жоғалтады деп саналады. Еріктілердің пікірінше, тікенді жүн оларды жылытып қана қоймайды, сонымен қатар қозғалуға мәжбүр етеді, осылайша қан айналымын қалпына келтіреді.

 

 

– Шалабайлар – деп мерзімінен бұрын туылған балаларды атайды. Статистикаға сәйкес, әрбір оныншы бала уақытынан бұрын дүниеге келеді. Біз Пришахтинск перинаталдық орталығында туылған салмағы 500-ден 2200 граммға дейінгі балаларға жылы және жарқын жүннен тоқылған жиынтықтарын бердік. Оларға және олардың ата-аналарына шын жүректен зор денсаулық тілейміз, – дейді «Асыл Ана 2020» ҚҚ басшысы Айжан Байделдинова. – Кішкентай ғана шұлықтар, бас киімдер, кеудешелер, көрпелерді біздің көп балалы аналарымыз тоқыды. Біздің қорда олардың саны 2 300-ге жуық. Олардың барлығы аймақтың қоғамдық өміріне белсенді қатысады.

Айта кету керек, «Асыл Ана 2020» қоры бірнеше жылдан бері Қарағанды облысының аз қамтылған тұрғындарына көмектесіп келеді және «Жақсылық жаса – Делай добро» қайырымдылық жәрмеңкесін өткізеді.

 

                                                                                             Жомарт Шаймұрат