Қарағандылықтарды Saryarka спартакиадасына қатысуға шақырады

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Saryarka облыстық онлайн-спартакиадасын өткізу туралы хабарлайды. Спорттық әуесқойлар дойбы, күш гимнастикасы, пауэрлифтинг, доппен жонглёрлеу және гір спортында барлық мүмкіндіктерін көрсете алады. Спартакиада онлайн өткізілетіндіктен және орындалған жаттығумен бейнеролик жолдау қажет болғандықтан, бейненің басында қатысушылар міндетті түрде жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп, өздерін таныстырулары тиіс.

 

                                                       Дойбы

 

Жарыстың бірінші түрі – дойбы бойынша өтінімдер бүгін, 13 тамызда, сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін iggamecenter.com сайтында қабылданады.

Сондай-ақ WhatsApp-қа қатысуға өтінім жіберу қажет: +7-705-570-67-65.

Аты-жөнін, туған күнін, тұрғылықты жерін, жұмыс немесе оқу орнын, лақап атын, WhatsApp ұялы телефоныңызды көрсетуді ұмытпаңыздар.

Жеті Тур 16, 17, 18 және 19 тамызда өтеді.

Олардың барлығы 18:00-де басталады.

 

Президенттік көпсайыс, күштік гимнастика

 

Ерлер үшін 4 минут ішінде белтемірге тартылу.

16 тамыз – 18–34 жас санаты.

17 тамыз – 35 жас және одан жоғары жас санаты.

Қыздар мен әйелдер үшін 1 минут ішінде арқада жатып денені көтеру.

18 тамыз – 18–34 жас санаты.

19 тамыз – 35 жас және одан жоғары жас санаты.

Жарыстың көрсетілген күндері жас санаттары бойынша видеоны келесі электрондық мекенжайға жіберу керек: veronika.ermolaeva.67@mail.ru.

 

Пауэрлифтинг (классикалық стендтік пресс)

 

16 тамыз – барлық әйелдер санаты.

Ақпаратты WhatsApp-қа жіберу керек: +7-702-537-99-44.

17 тамыз – ерлер (53, 59 кг).

Ақпаратты WhatsApp-қа жіберу керек: +7-776-555-36-55.

18 тамыз – ерлер (66, 74 кг).

Ақпаратты WhatsApp-қа жіберу керек: +7-771-336-60-71.

19 тамыз – ерлер (83, 93 кг).

Ақпаратты WhatsApp-қа жіберу керек: +7-701-374-72-35.

20 тамыз – ерлер (105, 120, +120 кг).

Ақпаратты WhatsApp-қа жіберу керек: +7-707-915-17-65.

 

                Жарысқа келесі жас санаттары қатысады:

 

— ұлдар мен қыздар (2007-2003 ж. т.);

— юниорлар (2002-1998 ж. т.);

— ерлер мен әйелдер (1997-1960 ж. т.);

— ардагерлер (60 жас және одан жоғары).

 

Қатысушының видеосы салмақ дәрежелері бойынша жарыс күндері көрсетілген WhatsApp нөмірлеріне жіберіледі.

 

Доппен жонглерлік ету

 

Қатысушылар допты қолдарынан басқа дененің кез-келген бөлігімен соғады. Нәтиже 1 минут ішінде жасалған соққылар саны бойынша есептеледі.

Жарыс 16 және 17 тамыз күндері сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін өтеді. Оған 9 жастан 18 жасқа дейінгі барлық тілек білдірушілер қатыса алады.

Бірінші топ (9 жастан 13 жасқа дейінгі қатысушылар) жонглерлік орындаған бейнені e-mail-ға жіберуі тиіс: Akaliken@bk.ru, axmetov.said@mail.ru, WhatsApp: +7-776-973-76-76, +7-777-073-47-71.

Екінші топ үшін байланыстар(14 жастан 18 жасқа дейін): pacukov.1979@mail.ru, elish4@mail.ru; WhatsApp: +7-747-161 76 54, +7-701-573-08-21.

Гір спорты

 

Ерлер арасында 6 минут ішінде кеудеден екі салмақ итеру.

Снарядтардың салмағы: 16, 24, 32 кг.

17 тамыз – 53, 63, 68 кг салмақ дәрежесі:

18 тамыз – 73, 78, 85 кг салмақ дәрежесі;

19 тамыз – 95 салмақ дәрежесі, +95 кг.

 

Әйелдер арасында 6 минут ішінде гір көтеру.

Снарядтардың салмағы: 8, 12, 16, 24 кг.

20 тамыз – 58, 68, +68 кг салмақ санаты.

Бейне WhatsApp арқылы жіберіледі: +7-776-593-06-09 (10:00-ден 16: 00-ге дейін).

Спартакиада жүлдегерлері облыстық спорт басқармасының грамоталарымен және медальдарымен марапатталады.

 

Жомарт Шаймұрат