COVID — 19: Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНДАҒЫ ЖАЛПЫ АХУАЛ

 

Қазіргі уақыт – көңілге алаң кірген уақыт. Әр күн, әр сәт денсаулықты ойлаумен, сақтық шараларының алдын алумен өтіп жатыр. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірі қызыл аймаққа өтіп, елдегі эпидахуал күрделініп тұр. Әлемді пандемия емін-еркін жайлап, кезіп жүргелі де жылдан асты.

Осы орайда, Т.Рысқұлов ауданында COVID-19-ға қарсы күрес жұмысы жүйелі жүргізіліп келеді.

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметі бойынша аудан аумағындағы коронавирусты инфекцияның эпидемиологиялық жағдай бойынша жыл басынан бері 125 КВИ жағдайы және 320 пневмония тіркелген.

Соңғы 2 аптада КВИ вирусы сәйкестендірілген 13 жағдайдан 17 жағдай тіркеліп, яғни +4 жағдайға көбейсе, соңғы үш күнде 12 КВИ жағдайы тіркелген. Оның ішінде 4 науқас симптомды, 8 науқаста симптомсыз өткен.

Ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін ауданаралық провизорлық КВИ бөлімінде 137 науқас жатыр. Оның ішінде 3 науқас ауыл халде   жансақтау бөлімінде жатыр. Өкінішке орай, бүгінгі күнге коронавирусты инфекциясынан қайтыс болған  жағдайлар да тіркелген.

Осы орайда дәрігерлер былтырғы жағдайдан сабақ алып, қауіптің алдын алу үшін сақтық шараларын естен шығармай, барлық санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтай отырып, өзіңізді және отбасыңыз бен жақындарыңызды қорғауға шақырады. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты енгізілген карантиндік талаптардың сақталмауының әсерінен осындай жағдай орын алып отыр. Оның ішінде думанды кештер өткізу деректері тыйылмай тұрғандығы және бар.
Ең әуелі өз денсаулығымызды ғана емес, отбасындағы жақындарымыздың, балалардың саулығын ойлау қажет. Әрине, саулық – сақтықта.

Сақтық шараларын орындау ең алдымен өзіміздің бас амандығымыз үшін керек. Босаңсуға мүлде болмайды.

 

Синхрон: Темірбекова Гүлнара Шаймерденовна – Т.Рысқұлов аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысының міндетін атқарушы

Оператор: Ғалым Раймбаев