Қарағандыдағы «Жұлдыздар аллеясында» педагог және музыкант Мейірхан Адамбековтың атаулы белгісі орнатылды

Ел Тәуелсізідігінің 30 жылдығы қарсаңында «Жұлдыздар аллеясында» Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейірхан Адамбековтың атаулы белгісі ашылды. Ол «Арқа әншілері» дәстүрлі ән мектебінің үздік орындаушыларының бірі болды, әндерін бірегей, өзіне ғана тән техникамен орындайтын зор дауыс иегері, сондай-ақ Тәттімбет атындағы Өнер колледжінің талантты педагогы ретінде танымал.

Мейірхан біздің жүрегімізде мәңгі қалады. Ол қазақ мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан өнердің нағыз бағалаушысы болды. Ол көп еңбек етті, талантты музыкант саңлақтарын тәрбиелеп шығарды. Қарағандыда оның атаулы жұлдызы пайда болғанына қуаныштымын, – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Стамғазиев.

 

 

Мейірхан Адамбеков – ерен еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін ҚР Тұңғыш Президентінің «Күміс көмей» сыйлығының лауреаты, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері.

Оның ауқымды репертуары қазақ композиторларының екі жүзден астам әндерінен құралды. Олардың арасында Біржанның «Айтпай» және «Жалғыз арша», Жаяу Мұсаның «Хаулау», Серік Ақсұңқарұлының «Шайтан көл», халық әндері «Қарағам-ау», «Сұржекен» және тағы басқалары бар. Әндер оның орындауында ерекше шабытпен шырқалды.

Атаулы белгінің ашылуына Мейірхан Адамбековтың жұбайы мен балалары қатысты.

 

 

 

– Әкеміздің еңбегі лайықты бағаланғанына біз өте ризамыз. Ол бүкіл өмірін музыкаға және шәкірттеріне арнады, – деп атап өтті музыканттың ұлы Алданыш Адамбеков. – Әкемізде екі ұл, екі қыз бар. Біз оның ізін баспадық және музыкамен кәсіби түрде айналыспаймыз, бірақ әрқайсымыз оның шығармашылығына құрметпен қараймыз.

Мейірхан Адамбековтың дарынын тек Қазақстанда ғана емес, ТМД, Германия, Иран, Ирак, Америка, Чехия және Франция елдерінде жоғары бағалайды.

 

Жомарт Шаймұрат