Қарағандыдағы «Үміт» оңалту орталығында 800-ден астам бала қалпына келтіру емінен өтті

Қарағандының «Үміт» оңалту орталығында жыл басынан бері неврологиялық және ортопедиялық аурулары бар 800-ден астам бала қалпына келтіру емінен өтті. Оларға медициналық сақтандыру есебінен көмек көрсетілді.
Медициналық орталық неврологиялық және ортопедиялық аурулары бар балаларға көмектеседі, сонымен қатар операциялар мен жарақаттардан кейін оңалту қызметтерін ұсынады. Жыл басынан бері «Үміт»-ке 809 жас пациент келіп түсті, оның 600-ден астамы неврологиялық аурулары бар – балалар сал ауруы, церебрастения, энурез, сөйлеу дамуының кідірісі және т. б.
Орталық пациенттерінің шамамен 17%-ында «БСА» диагнозы бар. Әр бала үшін реабилитологтар 21-30 күнге қалпына келтіру емінің жеке бағдарламасын жасайды. Диагнозға, аурудың ауырлығына байланысты курсқа массаж, физиотерапия, парафин терапиясы, Адель оңалту костюмдеріндегі сабақтар және ботулотоксин инъекциясы кіруі мүмкін.
– БСА бар балаларды емдеуде ботулотоксин инъекциясы бұлшықет спазмын жеңілдету үшін қолданылады. Бұл емнің нәтижесі шамамен 6 айға созылады. Осы уақыт ішінде бұлшық еттер күшейтіледі, ал тырысып қалған бұлшықеттер, керісінше, созылады және бұл ішінара түзетіледі. 6 айдан кейін, спастика қайтып келгенде, ол бұрыңғыдай болмайды, өйткені бұлшықеттер күшейеді. Мұндай ем БСА-мен ауыратын барлық балаларға тағайындалмайды, өз көрсетілімдері бар бар, – дейді «Үміт» оңалту орталығы бас дәрігерінің орынбасары Гүлнар Галиева.
Облыстың түрлі қалаларынан келген тағы 200 бала орталықта жарақаттар мен операциялардан кейін қалпына келтіру емінен өтті.
Қарағанды облысында кәмелетке толмағандар 23 стационарда тегін оңалтудан өте алады. Өңір балаларына амбулаториялық оңалту қызметтерін 15 емханада көрсетеді.
Жалпы, ересектер мен балаларды стационарлық және амбулаториялық жағдайда оңалтуға осы жылға 5,5 млрд теңге қарастырылған.

Жомарт Шаймұрат