Қарағандыда Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы халық аспаптарында орындаушылардың VIII Республикалық байқауының  ашылу салтанаты өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қарағанды қаласы, «Шалқыма» ғимаратында халқымыздың дарынды біртуар тұлғасы, атақты жерлесіміз, күйші Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы халық аспаптарында орындаушылардың VIII Республикалық байқауының ашылу салтанаты өтті.

 

 

Аталмыш іс-шара бір ортаға күй білгірлерін, орындаушылық шеберлік саласындағы мамандар мен сарапшыларды жинады. Байқаудың жас қатысушылары Қарағанды, Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент, Талдықорған, Атырау, Қостанай, Павлодар, Семей, Өскемен, Қызылорда қалаларынан келді.

Республикалық байқау 2-3 қазан аралығында жалғасады. Ал, 4 қарашада конкурстың жабылуы және Гала-концерт өтеді.

 

 

 

Жомарт Шаймұрат