Қарағандыда «Менің атам… Менің әжем…» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Салт-дәстүрлер» арнайы жобасы аясында «Менің атам… Менің әжем…» байқауы өтті. Оның мақсаты — ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, отбасы мен қоғамды нығайту болды. Наурыз мерекесі қарсаңында байқау жеңімпаздары марапатталды.
Оқушылар ұлттық және отбасылық дәстүрлер, қолөнершілердің шеберлігі туралы бейнероликтер көрсетті. Олардың кейбіреулерінде кейіпкерлер — ата-әжелер болды. Олар шеберлік сабақтарын өткізіп, әңгімелер мен ертегілер айтты.

 

«Ата — бабаларды еске алу — бүкіл адамзаттың ежелгі, асыл дәстүрлерінің бірі», — дейді ұйымдастырушылар.
Байқауға 155 жұмыс келіп түсті. Қазылар алқасы олапдың арасынан 20 атап өтті.
«Менің әжем» номинациясы бойынша бірінші орынды Қарағанды қаласының №101 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Гаухар Халық иеленді. Ол шығарманы ежелгі жетіген аспабында орындады.
«Менің атам» номинациясында Нұра ауданының А.Асылбеков атындағы мектебінен Жантөре Ерден жеңімпаз болып танылды. Он жасар немересімен бірге атасы бата рәсімін қалай дұрыс орындау керектігін үйретеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушылар алғыс хаттар алды.

 

Жомарт Шаймұрат