Қарағанды облысында «Наурыз көркі — ақ бата» атты бата фестивалінің жеңімпаздары анықталды

 

Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайының салтанатты залында «Наурыз көркі — ақ бата» облыстық онлайн-бата фестивалінің қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. Наурызды мерекелеу аясында іс-шара ата-бабаларды еске алу және баталар күніне орайластырылды.

Фестивальге 17 облыстық қалалар мен ауылдардың мәдени-демалыс орталықтары мен мәдениет үйлері қатысты. Олардың барлығы бата беру поэтикалық шығармашылық таитыстарда жеңімпаз атвнғандар. Бұл қазақ халқының ежелгі және маңызды дәстүрі. Бата жастарды рухани дамытады, отансүйгіштік сезімін және үлкендерге құрмет сезімін тәрбиелейді.

Байқауға қатысушылардың әрқайсысы белгілі бір тапсырма алды. Мысалы, Абай ауданы «Балаға беретін бата», ал Жезқазған қаласы «Ас батасын» қайта жаңғыртулары тиіс болатын.

Қазылар алқасының құрамына ҚР еңбек сіңірген әртісі және мәдениет қайраткері Кеңес Жұмабеков, Кеншілер мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Саят Әбдіғали және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз хатшысы Шолпан Санақбай кірді.

Биыл отызыншы рет атап өтілетін Наурыздың ерекшелігі — біздің өңірде бата берудің үлкен фестивалін ұйымдастыру. Біздің барлық аудандарымыз бен ауылдарымыз жақсы дайындалды, — дейді қазылар алқасының мүшесі Кеңес Жұмабеков. — Көркемөнерпаз актерлер қазақтың ұлттық киімінде болды. Киіз үйлер тігіп, ән шырқады. Әсіресе маған Нұра ауданы, Егіндібұлақ және Ақтоғай ауылдары қатты ұнады. Бірақ барлық қатысушылар тамаша, бар жан-тәнімен дайындалғандары көрініп тұр.

Қазылар алқасы үш жүлдегерді анықтады. «Үздік қойылым» номинациясында Жезқазған қаласының халықтар достығы мен мәдениет үйі жеңімпаз атанды. Шахтинск қаласының Кеншілер мәдениет сарайы «Үздік бата» номинациясында жеңіске жетті. «Үздік декорация» номинациясында Нұра ауданының мәдениет үйі марапатқа ие болды. Жеңімпаздарға дипломдар мен 15 мың теңге ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

 

                                                                                                        Жомарт Шаймұрат