Қарағандыда ата-аналарға арналған «Сенімен Болашақ» клубы ашылды

Қарағандыда «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің филиалы ашылды. Бірлестік жаңа білім алу, тәжірибе алмасу, назар аудару және қоғамға саналы ата-ана болу мәселелерінің маңыздылығын жеткізу алаңына айналады.
«Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігінің басты миссиясы қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту болып табылады.
– Біздің бірлестік ерлі-зайыптылық пен некеге деген жауапты қатынасты дамытатын болады. Біз өңірде ата-аналармен тренингтер, дөңгелек үстелдер, форумдар, шеберлік сабақтарын өткізіп, оларға ұлттық құндылықтарды, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін түсіндіріп, баулимыз, – деді «Сенімен Болашақ» РҚБ облыстық филиалының басшысы Индира Тоқмурзина.

 

Қоғамдық бірлестіктің филиалы ата-аналарға арналған клуб қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Ол ата-аналардың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Орталық мамандары ата-аналарға тиісті білім мен құзыреттілік алуға көмек көрсетуге ниетті.
– Біздің бірлестік ата-аналар үшін қолдау мен кеңес алу үшін жүгіне алатын орынға айналады. Біз сондай-ақ отбасылық демалыс пен бірлескен шығармашылық іс-шараларды ұйымдастырумен және өткізумен айналысатын боламыз. Біздің бірлестікке қосылғысы келетін әрбір ата-анаға қуаныштымыз. Алдағы уақытта ең белсенді қатысушылар Шымкенттегі біздің лагерьде демалады, онда ата-аналар мен балалар үшін жағдай жасалған, – деп атап өтті «Сенімен Болашақ» ата-аналар РҚБ ресми өкілі Зәуре Садықова.

 

Ата-аналар қоғамдық бірлестігінің филиалы Н. Назарбаев даңғылы, 33/3 мекенжайындағы «Премьер» бизнес-орталығының ғимаратында орналасқан.

Жомарт Шаймұрат