Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында бір мезетте арнайы бөтелкеге құйылған 300 литр наурыз көже таратылды.

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында бір мезетте 10 мың литр қымыз пісіліп, Гиннестің рекордына енген тарихи сәт бәріміздің есімізде.

Биылғы Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жаңаарқалықтардың тосын сыйы  арнайы бөткелкеге құйылған Наурыз көжесі.

 

 

Наурыз мерекесі қарсаңында Жаңаарқа ауданында ұлттық құндылықтар мен ұмытылған тағамдарлың рецепттерін жаңғырту бойынша түрлі іс-шаралар, сондай-ақ қайырымдылық акциялары өткізіледі.

Жалып, 18 наурызда «Жүрек жылуы» қайырымдылық іс-шарасы барысында 300 литр наурыз көже және 500 бауырсақ дайындалып, Жаңаарқалықтарға және аудан қонақтарына таратылды.

 

                                                                                                     Жомарт Шаймұрат