Қарағанды облысының шығармашылық жастарын XI Аманжолов оқуларына қатысуға шақырады

Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен жыл сайын өтетін «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ…» Аманжолов оқуларын өткізеді.

Ақындық және музыкалық мерекеге 18-35 жас аралығындағы қарағандылықтар қатыса алады. Байқау екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Жұмыстар 27 қыркүйекке дейін қабылданады.

Ақтық сайыс және марапаттау 6 қазанда өтеді. Жеңімпаздар «Дүниеге келер әлі талай Қасым» және «Үкілі үміт» номинациялары бойынша анықталады. Ұйымдастырушылар жүлдегерлер үшін ақшалай және бағалы сыйлықтар, қатысушылар үшін ынталандыру сыйлықтарын дайындады.

«Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ…» оқулар ережесімен Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде танысуға болады.

 

                                                                                                          Жомарт Шаймұрат