Қарағанды облысының перинаталды ұйымдарына медициналық сақтандыру Қоры 2,6 млрд теңгеден астам қаржы төледі

2021 жылы Қарағанды облысының дәрігерлері 23 200 әйелдер босануын қабылдады. Осы қызметті төлеу үшін медициналық сақтандыру Қоры медициналық ұйымдарға 2,6 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады.

Тарификатор бойынша асқынусыз әрбір табиғи босану үшін аурухана 91 мың теңгеден артық алады, ал Кесарь тілігі арқылы босануға – шамамен 248 мың теңге төлейді.  Сонымен қатар, ауырлығы бойынша елеулі операциялармен босану құны 627 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұл сомаға барлық қажетті медициналық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, аналар мен жаңа туған нәрестелердің стационарда болуы және тамақтануы кіреді.

– Облыстағы босанудың жалпы санының 250-і ТМККК пакетінен төленді – бұл сақтандырылмаған әйелдердің шұғыл босануы, қалған босанулар МӘМС пакетінен төленді, – деп түсіндірді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бас сарапшысы Жанар Ракишева.

Естеріңізге сала кетейік, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ босанған әйелдер бала 3 жасқа толғанға дейін жеңілдікті санатқа жатады. Мерзімінен бұрын әйел жұмысқа шыққан жағдайда, әйел жеңілдік санатынан шығарылады.

 

Жомарт Шаймұрат