Қарағанды бейнелеу өнері мұражайы суретшілерді  «Қыран қанатты Қасым» байқауына қатысуға шақырады

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай «Қыран қанатты Қасым» атты байқау өткізеді.
Байқау 1 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Қарағанды облысының кәсіби суретшілері, соның ішінде көркемдік бейіндегі оқытушылар арасында өтеді.
Жұмыстар Қасым Аманжоловтың шығармалары негізінде немесе оның өмірі мен қызметіне арналуы керек. Олар әртүрлі техника мен жанрда болуы мүмкін.
Өтінімдер 1 қыркүйекке дейін izo.karaganda@mail.ru электрондық поштасына «Қасым Аманжолов» белгісімен қабылданады.

Оларда қатысушының аты-жөні (толық), туған күні, білімі, негізгі жұмыс орны (лауазымы), жетістіктері, шығармашылық одақтарға мүшелігі және байланыс телефоны (факс, электрондық пошта) көрсетілуі тиіс.
Байқау ережесімен Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінен танысуға болады.
Байқау туралы толық ақпаратты (8-7212) 47-87-00, 8-705-301-15-57 нөмірлері бойынша білуге болады.

 

                                                                                                       Жомарт Шаймұрат