ҚАБЫЛДАУ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында жеке және заңды тұлғаларды жеке сұрақтарымен қабылдау өткіздім.

Қоғамдық қабылдау барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырып жүрген мәселелерді көтеріп, ұсыныс-өтініштерін білдірді.

Нақтырақ айтқанда, Қайнар ауылының тұрғыны жер телімін алу, Сарыкемерлік тұрғындар қайтарымсыз грант алу тәртібі бойынша ал, көпбалалы ана демеушілік есебінен тұрғын үй соғуға жер телімін алып беруін өтінді. Әр тұрғынның сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап бердім. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді заң аясында шешетін боламыз.

Бақыт Алпысбайұлы, Байзақ ауданының әкімі