ПСИХОЛОГТАР АНЫҚТАҒАН МАХАББАТТЫҢ ЖЕТІ ТҮРІ

Махаббат деген не? Философтар мен ғалымдар талай жылдар бойы осы сұраққа жауап іздеді. 1980 жылдары американдық психолог Роберт Стернберг эмоционалды қатынас, құмарлық және адалдықты қамтитын үш компоненттен тұратын махаббат теориясын жасады. Оның айтуынша, осы үш тармақтың өзі махаббат туралы мыңдаған әндер мен кітаптардың идеяларын түгел қамтиды.
Сонымен ол махаббаттың жеті түрін анықтады.
Сіздің махаббатыңыз бұлардың қайсысына жататынын салыстырып көріңіз!
ҚЫЗЫҚТАУ
Бұлар бұрын бір-бірін танымайтын, бірақ жолыққан кезден бір-біріне деген сезімді сезінеді. Олар бір-бірін ұнатқысы келеді, бірге болғысы келеді және бір-бірін білгісі келеді. Психологтар бұл сезімнің махаббатқа айналу мүмкіншілігі мол, бірақ ондай жағдай өте сирек кездеседі дейді. Жалпы мұндай сүйіспеншілік ұзаққа созылмайды, уақыт өте келе бір-бірінен жалығып, немесе қызықты болмайтындығы себепті ұмытылады екен.
ҰНАТУ
Мұндай сүйіспеншілікте сіз әрқашан өз табиғатыңызбен болғаныңыз жөн. Олар бір-біріне өмірге деген ұстанымы, немесе көзқарастары бірдей болғандықтан ұнай бастайды. Алайда, зерттеушілер осылай басталатын қарым-қатынас құмарлық және ілгерілеушілік болмаса қарапайым достық қатынастан аспайды деп санайды. Егер біреуі бастамашы болып, қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтермесе, олар бір-бірін жақсырақ түсінетін достар ғана болып қалады.
БОС МАХАББАТ
Бұл өзін-өзі алдап, өз көңілін ауламақ болған адамдарда болатын махаббат түрі. Олар бір-бірін шынымен де жақсы көретінін білмесе де, бірге болуда өте ыңғайлы, көңіл-күйі де салыстырмалы түрде жақсырақ болады. Бір-бірінен тым көп нәрсе алғысы келеді, бірақ романтикалық жұптар сияқты әрекет етпейді және жай ғана бірге болатын адамдар.
АЗАПТЫ МАХАББАТ
Бұл махаббаттың кең таралған түрі. Олар бір-біріне ғашық болады, үйленеді және бірге өмір сүреді. Олардың өмірі сүйіспеншілікке емес, жауапкершілікке негізделіп, өз-өзінің міндетін орындауға және балаларын тәрбиелеп өсіреді. Жұптар ұзақ уақыт бірге өмір сүреді, бірақ олар бақыт пен сүйіспеншілік туралы ұмытады. Былайша айтқанда, сүйікті жұптар ретінде емес, ата-ана немесе күйеу мен әйел ретінде жалғасады.
РОМАНТИКАЛЫҚ МАХАББАТ
Бір-біріне ессіз тартылып, бірге болған кезінде бақытты және қуанышты сезінеді. Мұндай махаббат әр адамның өмірінде бір рет ғана болады дейді. Өкінішке орай, жалғасу мерзімі қысқа, дүр етіп жанып сөнетін сіріңкедей ғана ғұмыры болады. Көбінесе олар бір-біріне ұмытылмас естеліктер қалдырып айырылысады, үйленуі сирек.
ДОСТЫҚ МАХАББАТ
Мұндай сүйіспеншілік жиі кездеседі. Олар бір-біріне соншалықты ессіз ғашық болып, өмірлерін қиюға шейін бармаса да, бір-бірінің кемшіліктерін толтырып, бірге болған кезде жан тыныштығын сезінеді. Мұндай сүйіспеншілік көбінесе некеге айналады және ұзаққа созылады. Уақыт өте келе олар бір-біріне үйреніп, бір-біріне деген қамқорлықтары мен сүйіспеншіліктері артып, олардың жылы қарым-қатынастары махаббат деген осы екен ғой деген түсінікті туғызады.
МӘҢГІЛІК МАХАББАТ
Өте сирек кездеседі, бірақ оны тапқанда да жоғалтудан қорықпаңыз. Бір-бірін шын сүйіп, ессіз жалындамаса да, өшпей мәңгі жанатын махаббат. Ерекше сүйгені ұтылып, аз сүйгені ұтатын қатынас емес, бір-бірін тең сүйіп, көңілдері ешқашан суымай жалғаса беретін махаббат.
Аудардым: А.Т