ПМУ студенттерінің BOT маркеті ІТ-планета олимпиадасында үздік атанды

 

С. Торайғыров атындағы ПМУ есептеу техникасы мен бағдарламалау кафедрасының студенттері ақпараттық технологиялар саласындағы XII олимпиадада жоғары нәтижелерге қол жеткізді, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

«IT-Планета» – IT саласының жас мамандары мен студенттерін қолдау мен анықтауға бағытталған жарыс. Байқауға студенттермен қатар, 25 жасқа дейінгі жас мамандар қатысты. Жарыс бірнеше кезең бойынша өтті. Қатысушылар Java бағдарламалау тілі бойынша онлайн тестілеуден өтіп, онлайн жүйеде спорттық бағдарламалау формаында кейстерді шешті. Ал халықаралық ақтық жарыста өнеркәсіптік әзірлемелер дағдыларына басымдық берілді.

«IT-Планета 2018/19» халықаралық олимпиадасының іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша Андрей Маск пен Сергей Мысактан құралған команда Қазақстан бойынша «Ұялы қосымшаларды әзірлеу» байқауында бірінші орынға ие болды. Жастар Bot Market, яғни, чат-боттарды іздеу және дамыту мобильді қосымшасын жасады. Оның мақсаты – түрлі мессенджерлер мен платформалардағы түрлі сұранымдарға жауап беруді көздейді.

– Боттар қолданушыға белгілі бір ақпаратты беруге бағдарламаланған, яғни, қайталанатын сұраныстарды өтеуге арналған виртуалды машина іспеттес. «Bot Market» қосымшасының іздеу жүйесі, рейтингтер мен 13 платформада (ВКонтакте, Telegram, Facebook және т.б), топ-чарттары бар. Осылайша, чат-боттарды іздеумен қатар, қолданушылармен кері байланыс орнатуға болады, – дейді жеңімпаздар. Қазақстан бойынша Oracle компаниясының «Бағдарламалау: Java» байқауында екінші орынға 4 курс студенті Мақсат Ғалымжан ие болды.

 

Ақпарат және суреттер bilimdinews.kz сайтынан алынды