Павлодарлық оқушылар XI Еуразиялық олимпиадада жеңіске жетті

Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2019 жылғы 29 қараша-1 желтоқсан аралығында өткізілген информатика пәнінен XI Еуразиялық олимпиадасына Қазақстан, Тәжікістан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 56 команда қатысты.

Олимпиаданың басты мақсаты оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық мәдениетін дамыту, компьютерлік модельдеу, есеп ғылымдар және ақпараттық технологиялар саласындағы талантты жастарды анықтау болып табылады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Павлодар қаласының дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушылары Абихас Алихан мен Хасанов Рүстем I дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, жеңімпаздар Қазақстан-Британ техникалық университетінің және Астана IT университетінің гранттарына ие болды.

Әлихан Рахметоллаұлы