Павлодарда өткізілген бос орындар жәрмеңкесінде 30 жұмыс орны ұсынылды

2018 жылғы 19 ақпан күні сағат 11.00-де «Павлодар технологиялық колледжі» КМКК базасында «Шығарылатын өнім өндірісін ұйымдастыру» мамандығының түлектері үшін бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Барлығы 7 ұжым қатысып, 30 бос жұмыс орны ұсынылды.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі кезекті бос орындар жәрмеңкесі  2018 жылғы 28ақпанда сағат 11:00-де Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 38 мекенжайында орналасқан Жастарға қызмет көрсету Орталығында өтетінін хабарлайды.