Патриот болу, елін, жерін сүюден басталады

Отаныңа деген құрмет, патриоттық сезім кіндік қаның тамған туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерді сүйіп қана қоймай, оның дамуына атсалысу сол жердің әрбір перзентіне парыз. Отанға, ту­ған жерге, елге деген махаббат, патриоттық сезім от­басынан басталады. Ұрпағымызды да осы жолда, осы мақсатта тәрбиеленіп, еліміздің  жақ­сы азаматтары болуына үлес қоссақ нұр үстіне нұр болмақ.

Беделді шетелдік The New York Times басылымы 2024 жылы келуге міндетті әлемдегі 52 туристік орынның жыл сайынғы тізімін дайындады.  Аталған тізімде Алматы қаласы  2024 жылдың үздік әлемдік туристік бағыттарының тізіміне еніп, 25-ші орынға орналастырылған. Мақалада Алматы екі миллион халқы бар, бейбіт және белсенді Қазақстанның ірі қалаларының бірі болып табылатыны атап өтілген. The New York Times оқырмандарға AYUL немесе TÖR мекемелеріндегі «нео-номадтардың» асханасын сынап көру арқылы гастрономия мүмкіндіктерін бағалауды ұсынады. Ұсынылғандар тізімінде Lanzhou Noodle қытай тағамдары мейрамханасы, Көк базар, PlatformA азық-түлік дүкені, Sensilyo Coffee және JumpinGoat бар кофеханалары. Гастрономиядан басқа, авторлар қаланың бірегей архитектурасын және егжей-тегжейге назар аударғанын атап өтті: әрбір метро станциясының қайталанбас дизайныда айшықталып жазылған.

Алматының халықаралық деңгейде тартымды туристік дестинацияға айналғаны туралы Wanderlust саяхаты туралы ықпалды Британдық басылымның жаңа басылымы да айтады, оның рейтингінде Қазақстан ағымдағы жылы саяхаттауға міндетті ТОП-24 дестинацияның арасында 11-орында орналасқан.

«Алматы – Орталық Азияның жүрегі, ол өзінің инновацияларымен, мәдени әртүрлілігімен, бірегей табиғатымен және экономикалық өсуімен әлемді таң қалдыруды жалғастыруда. Жақында Алматы маңызды халықаралық іс-шаралардың орталығына айналды, бұл оның жаһандық процестердегі рөлін көрсетеді. Көптеген елдермен визалық режимді жеңілдету, көптеген бағыттар бойынша тікелей рейстерді іске қосу да әсер етеді», ― деп түсіндірді Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Токсеитова.

Алматы – сырттан келуші шетелдік туристердің саны бойынша абсолютті көшбасшы. Әрбір шетелдік екінші туристің Алматыға келетіні  мәлім болды.  Алматының жайғастыру орындары Қазақстанға келушілердің жалпы санының 20 пайызын қамтиды. Қаламызда еліміздің туристік компа­ния­ларының басым бөлігі шоғырланған. Алматы нарығында алты жүзге жуық туристік фирма бар. Аталған фирмалардың көпшілігі сырттан келушілер туризмі саласында қызмет көрсетеді. Атап айтарлығы, сырттан келушілер және ішкі туризм саласында жұмыс істейтін туроператорлардың ірі ұсы­ныстар пакеті бар.  Бұған қалада серуендеу, саябақтарға бару жатады. Сондай-ақ,  белсенді демалыс пен басқа да көптеген бағдарламалар осы ұсыныстар пакетіне кіреді. Шетелдік және жергілікті туристер арасында танымал негізгі бағыттар: «Шым­бұлақ» тау шаңғы курорты, Үлкен Алматы көлі, Шарын шатқалы, Көлсай көлі, «Алтын Емел» Ұлттық паркі (Әншіқұм, Ақтау таулары, Бесшатыр қорғандары), «Таңбалы тас» петроглифтері, Түрген шатқалы, Есік көлі, Қайыңды көл. Ішкі туризм бөлігінде ең танымал бағыт – Ша­рын шатқалы (маусым –  тамыз айла­рында), Көлсай көлі (маусым – тамыз айла­рында), Түрген шатқалы (наурыз – қазан айларында), Қапшағай су қоймасы (маусым – тамыз айларында). Қысқы уақытта «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты мен Шонжы ыстық бастауы едәуір үлеске ие. Көрсетілген турлар маусымдық сипатқа ие. Әдетте, туроператорлар,  туристердің жекелеген талаптарын ескеріп, туристерді барынша таңқалдыруға тырысатыны өз алдына.

Алматы әлемнің назарын дәстүрлер мен қазіргі заманның тығыз тоғысуымен тартады. Қазақстанның ең ірі мегаполисі өзінің көпмәдениеттілігімен, гастрономиясымен (әлемнің еуропалық, азиялық, мексикалық және басқа да тағамдарының алуан түрлілігімен) және табиғи аймақтардың – мұздықтар мен альпілік шалғындардан дала мен шөлдерге дейінгі бірегей үйлесімімен ерекшеленеді. Патриотизм – Отанға, туған жерге, өзінің мəдени ортасына деген сүйіспеншілік. Сондай еліне, жеріне деген махаббат әрбір қазақстандықтың бойынан табылса екен.

Гауһар Тұрлыбекова