ӨТІРІК НЕГЕ ӨТІМДІ?…….

Бірде кезекті қызу пікірталастан шаршап шыққан Шындық пен Өтірік көлге шомылып алмақшы болыпты.
Бірінші болып судан шыққан Өтірік Шындықтың əдемі киіміне қызығып, оны ұрлап киіп кетіп қалады. Шомылып болып сыртқа шыққанда өз киімін таба алмай қалған Шындық Өтіріктің киімін кигісі келмегендіктен сол күйі жалаңаш қалады.
Содан бері елдің көзіне жалаңаш күйінде көрініп, «мен Шындық едім» деп айтуға ол да ұялады, оның жалаңаш түрінен ұялып жұрт та бұрылып кете салады.
Ал Шындықтың киімін киіп алған Өтірік жұрттың бəрін жаңылыстырып, өзін Шындықпын деуден танбай келеді.